389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дан табылған кесене Жошы хан ұрпағына тиесілі болуы мүмкін

  • 190
  • UPD: 15:22, 02.10.2019
СҚО-дан табылған кесене Жошы хан ұрпағына тиесілі болуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында XIV-XV ғасырға жататын 7 көне кесене табылды. Археологтардың айтуынша, бұл Алтын Орда кезіндегі Жошы ханның ұрпақтарына тиесілі тұрақ болуы мүмкін.

Уәлиханов ауданындағы Береке мен Қаратал ауылдарының арасында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде алтын әшекей бұйымдар, шеберлердің құралдары мен пештер анықталды. Тарихи жаңалықты Петропавл мен Павлодардың тарихшылары ашып отыр. Зерттеу жұмыстары келер жылы да жалғасады.

Тимур Смағұлов, археолог:

- Қазба жұмыстарының нәтижесінде кесененің қабырғалары шықты. Оның жалпақтығы 3 метрге дейін жетеді. Бұл мазардың алып болғанын көрсетеді. Тарихи тұрақта Орта ғасырдағы қолбашылар мен көшпенділер тұрған деп болжап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы