389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абайдың 175 жылдығына орай «Абай әлемі» орталығы бой көтереді

  • 414
  • UPD: 17:03, 03.10.2019
Абайдың 175 жылдығына орай «Абай әлемі» орталығы бой көтереді

Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай әлемі» орталығы салынады.

Ғимараттың жобалық суреттерін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Сонымен қатар елордада Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойларына байланысты қоладан құйылған «Үш арыс» ескерткіші орнатылмақ.

Хабар 24 телеарнасы