389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Топжарған» байқауы 4 қазаннан бастап «Хабар» арнасынан көрсетіледі

  • 215
  • UPD: 12:15, 03.10.2019
«Топжарған» байқауы 4 қазаннан бастап «Хабар» арнасынан көрсетіледі

«Топжарған» жобасы тағы да эфирге жол тартты.

Өткен жылы талай таланттың жұлдызын жағып, жолын ашқан музыкалық байқау кезекті маусымын бастайды.

Биылғы іріктеуге мыңдаған қатысушы келді. Ал, енді одан сүрінбей өтіп, шешуші сынға жолдама алғандар бәсекесін 4 қазаннан бастап «Хабар» арнасынан тамашалауға болады. Алғашқы бағдарлама ертең 21:40-та көрсетіледі және әр жұма сайын қалың көрерменге жол тартады. Ал, шешуші финалдық сын жаңа жыл қарсаңында өтеді деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы