389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бекзат» көркем фильмін еліміздің барлық кинотеатрынан тамашалауға болады

  • 280
  • UPD: 12:33, 03.10.2019
«Бекзат» көркем фильмін еліміздің барлық кинотеатрынан тамашалауға болады lenta.inform.kz

Аққан жұлдыздай жарқ етіп, ерте сөнген ел мақтанышы Бекзат Саттархановтың бейнесі көгілдір экранда қайта жаңғырмақ.

«Бекзат» көркем фильмі – ұлтының ұранына айналған есіл ердің өмірінен алынған шынайы оқиға. Жылдар өтті, алайда Бекзаттың жарқын бейнесі халқының жадынан сөнген жоқ. Қазақ боксшысының қысқа ғана ғұмырына арналған бұл картина – елінің батыр ұлына деген сағынышының көрінісі.

«Хабар» Агенттігі» тапсырысымен түсірілген туынды бұған дейін Түркістан мен Шымкент қалаларында көрсетілген еді. Ал, ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрынан тамашалауға болады.

Хабар 24 телеарнасы