389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Бекзат» фильмінің тұсаукесері өтті

  • 201
  • UPD: 23:06, 03.10.2019

Алматыда «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Бекзат» көркем фильмінің тұсаукесері өтті.

Туынды аққан жұлдыздай жарқ етіп, ерте сөнген ел мақтанышы Бекзат Саттархановқа арналған. 20 жасында Сидней олимпиадасының чемпионы болған спортшы Қазақстанның атын әлемге танытты. Қазақ боксшысының қысқа ғана ғұмырына арналған бұл картина – елінің батыр ұлына деген сағынышының көрінісі. Көркем фильмнің режиссері Мұрат Бидосов, ал сценарий авторы Сержан Закерулы. Туындыда Бекзат Саттархановтың балалық шағынан бастап, өмірінің соңғы күндеріне дейінгі сәті көрсетілген. Жабық көрсетілімге боксшының ата-анасы арнайы шақырылды. Кинокартина бүгіннен бастап, еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Хабар 24 телеарнасы