389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте қазақстандық және түркітілдес композиторлардың шығармалары орындалды

  • 149
  • UPD: 23:45, 04.10.2019

Ташкенттік көрермен қауым «Қазақстан Камератасы» оркестрінің «Көшпенділер әуені» атты концертін тамашалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының залында өткен концертте қазақстандық және түркітілдес композиторлардың үздік шығармалары орындалды. Ал сахна шымылдығы Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйімен ашылды. Жалпы бұл шара Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

Гаухар Мырзабекова, Қазақстан Республикасының халық әртісі:

Ұжымның құрылғанына 22 жыл толды. Біздің оркестрімізде жас әрі дарынды музыканттар өнер көрсетеді. Олардың басым бөлігі халықаралық байқаулардың лауреаттары. 22 жыл ішінде өнер ұжымының репертуарына бароккодан бастап, джаз, рок стиліндегі көптеген музыка енді.

Замира Азизхонова, көрермен:

Бүгінгі концерттен керемет ләззат алдым. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақстандық ұжымның шеберлігі өте жоғары дер едім. Жалпы мен қазақ әні мен әуендерін өте жақсы көремін. Бүгінгі концерт екі ел қарым-қатынасына жылылық пен достастық әкелгені сөзсіз. Осындай мәдени шаралар бауырлас елдерді одан әрі жақындата түседі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы