389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Қазақстан қолөнер шеберлерінің көрмесі өтіп жатыр

  • 164
  • UPD: 09:33, 05.10.2019

АҚШ-та қазақстандық қолөнер шеберлерінің көрмесі өтіп жатыр. Бұл «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында америкалық жұртшылықты қазақ халқының мәдениетімен таныстыру шарасы.

Қазақстан елшісі Ержан Казыханов салт-дәстүр мен тарихты білуге мүмкіндік беретін осындай жобалардың маңыздылығын атап өтті. Көрмеде оннан аса шебердің туындылары ұсынылған. Сондай-ақ фэшн-шоу киім байқауы аясында қазақстандық суретші әрі дизайнер Айжан Бекқұлова өз киім жиынтығын халық назарына ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы