389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзия жұрты «Алтын адамның» барыс бейнеленген дулығасына тамсанды

  • 147
  • UPD: 14:05, 05.10.2019

Малайзия астанасында «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» атты көрме ашылды. Экспозиция «Алтын адамның әлемдегі мұражайларға шеруі» халықаралық жоба аясында ұйымдастырылған.

Бұл шара екі жыл бойы жалғасып келеді. Осы мерзімде Еуропа мен Азияның 10 мемлекетінде көшпенділер өркениетімен танысқан.

Малайзиялықтар Алтын адаммен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі қорындағы 346 жәдігерді тамашалай алады. Олардың арасында алтын-күміспен қапталған аң стиліндегі бірегей бұйымдар бар.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық музейінің директоры:

- Басты мақсатымыз - бүкіл әлемге ежелгі тарихымызды паш ету және Малайзия бізге ең ірі мұражайын ұсынғанына ризамыз. Әрине қызуғышылық зор. Бұл көрменің бір ерекшелігі - әйгілі алтын жауынгерімізбен қатар Тақсай ханшайымын әкелдік. 

Көшпенділер өркениетінің мәдени-тарихи мұрасы жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарының зор қызуғышылығын тудырды.   

Мохамаддин Бин Кетапи, Малайзия туризм, өнер және мәдениет министрі:

- Ең басында бұл жобаны осында әкелуге Малайзия үкіметінен рұқсат сұрағанымда бұл керемет көрме болатынына сендік. Бүгінде Алтын адамды өз көзімізбен көруге тамаша мүмкіндігіміз болды.  

Көпшіліктің назары басты экспонат - Алтын адамда. Ежелгі жауынгердің арқар, барыс бейнеленген дулығасы мен сауыт-сайманы келген жұртты таңырқатты. 

Илбете Фернандез Хернандез, Куба республикасының Малайзиядағы елшісі:

- Өте әдемі көрме әрі қызық. Қазақстанда болмаған адамдар үшін таптырмас білім көзі. Бұл елдің бай тарихымен танысудың жақсы мүмкіндігі. 

Болат Иманбаев, Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

- Малайзия мәдениет, өнер және туризм министрлгінің мәліметінше, көрмеге 50 мыңнан астам адам келетін түрі бар. Бұл шара елдеріміз арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытып, одан әрі нығайтады.

«Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» атты көрме Малайзия астанасында қазан айының аяғына дейін жалғасады.

Авторы: Ғани Мұқаш

Хабар 24 телеарнасы