389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві жаңа құжаттармен толықты

  • 146
  • UPD: 15:11, 06.10.2019
Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві жаңа құжаттармен толықты

XVIII-XIX және өткен ғасырдың алғашы 20 жылын қамтыған деректер Орынбордың мемлекеттік архивінде сақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құнды мұрағаттардың арасында Әбілқайыр ханның Ресей патшайымы Елизаветаға жазған хатының көшірмесі бар. Күші жүз басшысының жолдамасында жаңа қала құрылысын жүргізу туралы жазылған. Әзірге нақты қандай елді мекен туралы екендігі белгісіз. Қағаз бетіне түскен уақытқа орайластырып, тарихшылар Орск қаласының іргетасын қалау туралы бастама болуы мүмкін деп топшылап отыр. Қазір тиісті зерттеу және сараптау жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін ғана арнайы көрме ұйымдастырылып, көрермендердің назарына ұсынылатын болады. Ғылыми экспедиция өкілдері көршілес елдің архивінен 150 істі ақтарып, 73 құжаттың көшірмесін жасаған.

Марат Төлебай, облыстық мемлекеттік архив директоры:

- Бұрын-соңды біздің Ақтөбе облыстық архивінің қоры шетелден алып келген құжаттармен ешқашан да толыққан жоқ. Бұл алғашқы рет толықтырайын деп отырмыз. Және де бұл бойынша өзіміз де үлкен коллекция ашқымыз келіп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы