386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген Токиода ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетті

  • 510
  • UPD: 14:39, 23.11.2019
Димаш Құдайберген Токиода ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Токиода өткен «ABU Song Festival 2019» фестивалінің арнайы шақырылған қонағы ретінде өнер көрсетті.

Бұл – Димаштың Күншығыс елінде алғаш рет өнер көрсетуі.

Атап өтейік, телефестиваль бәсекелестік, жарыс алаңы емес. Бұл – Азия-Тынық мұхиты аумағына кіретін мемлекеттердің ең үздік әртістерін көрсететін жер. Айтулы ән додасына Корея, Жапония, Индонезия, Австралия, Түркия сынды мемлекеттердің де өнерпаздары қатысты.

«ABU Song Festival 2019» фестивалінің толық теленұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы