389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтонда қазақстандық өнер көрмесі өтті

  • 179
  • UPD: 10:50, 08.10.2019

Вашингтонда «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері және жасампаз экономика» атты симпозиум өтті.

Форумды елшілігіміздің қолдауымен Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі СмИтсон институтымен бірлесіп ұйымдастырған. Бұл шара АҚШ жұртшылығын көшпенділер мәдениетімен, Ұлы Даланы мекендейтін халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарымен таныстыруға таптырмас мүмкіндік болған. Сақтар мәдениеті мен Ұлы Жібек Жолынан тамыр алған қолөнеріміз ғылыми ортада үлкен қызығушылық тудырып отыр. Қастеев атындағы музей директоры Гүлмира Шалабаеваның айтуынша, осындай конференция алғаш рет шетелде өткен және бұл жоба әрі де жалғасуы тиіс. 

Пол Тэйлор, Смитсон институты азия мәдениеті мен тарихын зерттеу бағдарламасының директоры:

-Қастеев атындағы өнер музейінің симпозиумға қатысуы біз үшін үлкен абырой. Бұл өте маңызды шара. Бүгін қазақстандық шеберлердің арнайы көрмесі өтіп жатыр. Қолданған материалдары мен бірегейлігі жағынан бұл көрменің орны бөлек. Мен алғаш рет Қастеев музейіне 1999 жылы барғанмын, сол кезден бастап ынтымақтастығымыз жалғасып келеді. 

Гүлмира Шалабаева, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің директоры:

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында көрмелерімізді шетелде ұйымдастыруға мүмкіндік алдық.  Жаһандану дәуірінде  ұлттық мәдениеттерге қызуғышылық артып келеді. Менімен бірге музей қызметкерлерінің бір тобы келген. Біз кілемдер, тоқымашылық, зергерлік өнер, оюлар мәні секілді түрлі тақырыптарға баяндама жасадық.

Хабар 24 телеарнасы