389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қуанышбаев атындағы драма театр ертең жаңа маусымын ашады

  • 131
  • UPD: 12:55, 08.10.2019
Қуанышбаев атындағы драма театр ертең жаңа маусымын ашады almaty

Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры 9 қазанда Мұхтар Әуезовтың «Абай» трагедиясымен жаңа маусымын ашады.

Маусымашар мерекесі сағат 17.00-де театр алаңындағы «Қызыл кілем» салтанатымен басталады. 

Елордалық көрермендер 9 қазаннан бастап күнделікті сағат 19.00-де театр қойылымдарын тамашалай алады.

Театр маусымының «Абай» қойылымымен ашылуының дәстүрге айналғанына биыл 10 жыл толды. Спектакльдің премьерасы 2009 жылы шілде айында өткен болатын.

Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Әлімбек Оразбеков. Аға Абай бейнесін Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов сомдайды.

 

Хабар 24 телеарнасы