389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерт өтті

  • 165
  • UPD: 11:15, 10.10.2019

Санкт-Петербургте ұлы қазақ ақыны мен ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерт өтті.

Елена Образцова атындағы мәдени орталықтың сахнасында халықаралық сайыстардың лауреаттары Қуат Бағысбеков пен Дина Атамқұлова әлемдік пен қазақ классикасының шығармаларын орындады. «Вива, музыка!» атты концерт Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы қолдауымен өткен.

Қуат Бағысбеков, әнші:

– Санкт-Петербург – Ресей Федерациясының мәдени астанасы. Жергілікті жұрт өнерді, әсіресе академиялық музыканы өте жақсы көреді. Бұл жердің өзі адамды өнерпаздыққа баулиды.

Дина Атамқұлова, әнші:

– Абай шығармалары негізіндегі арияларды және қазақ халық әндерін орындаймыз. Көрермендерге ұнайды деген үміттемін, өйткені бұл танымал шығармалар, көбісі оны жақсы біледі.

Хабар 24 телеарнасы