389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шегені баспен қағып, тіспен суырды – Central Asia's Got Talent 2019 шоуына ерекше күш иесі келді

  • 144
  • UPD: 10:36, 10.10.2019

Central Asia's Got Talent 2019 жобасының қатысушылары көрермендері таңқалдырудан жалықпайды.

Шоудың кезекті шығарылымында Қырғызстаннан келген «Таш чайнар» тобы қазылар алқасын өнерімен тәнті етті.

Топтың жетекшісі Нұрлан есімді жігіт ағасы шәкірттерімен бірге қарапайым адамның қолынан келе бермейтін трюк жасады. Ол алдымен шегені баспен тақтайға қағып кіргізіп, кейін тісімен суырды. Және бұл ерекше күш иесінің бойында бар жалғыз қасиет емес. Ол осы әрекеттерінің  шынайылығын дәлелдеу үшін сахна төріне қазылар алқасының мүшесі Нұрлан Абдуллинді шақырып, қолданатын заттарын тексертіп алғанын да айта кеткен жөн.

Хабар 24 телеарнасы