389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда «Аbish аlemi» халықаралық театр фестивалі өтеді

  • 153
Ақтауда «Аbish аlemi» халықаралық театр фестивалі өтеді

Ақтауда «Аbish аlemi» халықаралық театр фестивалі басталады.

Әбіш Кекілбаевтің шығармаларын насихаттауға бағытталған алғашқы театр фестивалі 2016 жылы республикалық деңгейде өтсе, биыл жазушының 80 жылдық мерейтойы аясында халықаралық деңгейде ұйымдастырылады. Фестивальдің ашылу салтанаты Каспий теңізінің жағалауындағы амфитеатрда өтеді. Аталған шара өзге елдермен мәдени-рухани байланысты нығайтудағы алтын көпір іспеттес. Әлемнің жеті елінен келген кәсіби және музыкалық драма театр әртістері Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин театры сахнасында өзара сынға түседі.

Қатысушы театр ұжымдарының қойылымын, қазылар алқасының беделді мүшелері Асанәлі Әшімов, «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты Исрафил Исрафилов және өзге де белгілі режиссерлар мен актерлар бағалайды. Халықаралық театрлар фестивалінде Маңғыстау драма театры Әбіш Кекілбаевтің «Бір шөкім бұлт» шығармасы мен «Күй» повесін сахналайды. «Күй» повесінде кейіпкерлердің басым бөлігін ер адамдар, ал моно спектакльді бір әйел және ер адам сомдайды.

Айнұр Әбенова, облыстық музыкалық драма театрының әртісі:

– Спектакльдің күрделілігі – барлық кейіпкерлерді өзінің ойнауында. Ер адамның бейнесін де, жүгіріп келген баланың да, келіншектің де және тағы басқа образдардың барлығын өзіңнің сомдауыңда. Сонау соғыс жылдарындағы Аққаймақтың басынан кешкен оқиғасы, қиын-қыстау кездердегі барлық қиындыққа төтеп беріп, өзін ұстауында.

Хабар 24 телеарнасы