389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision 2019: Ержан Максимнің бейнебаяны таныстырылды

  • 488
  • UPD: 15:32, 10.10.2019

Жас әнші, «Балалар дауысы» жобасының жеңімпазы Ержан Максим «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында айтатын әніне клип түсіріп жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Бүгін талантты жеткіншектің алғашқы бейнебаяны ресми түрде таныстырылды.

Халықаралық додада сынға түсетін бейнебаянды ең бірінші болып тамашалауға біздің көрермендер мүмкіндік алып отыр.

Осы сәтті Ержанның жанкүйерлері, жалпы көрермен асыға күтті десек болады. Себебі жас әншінің халықаралық байқауда қандай ән орындайтыны осы уақытқа дейін құпия болып келді. Бүгін жаңа ән және оған арнайы түсірілген бейнебаян көпшілік назарына ұсынылды. Әннің аты «Арманнан қалма» деп аталады.

«Балалар Еуровидениесі» байқауының шарты бойынша қатысушылар еш жерде жарияланбаған 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы қажет.

Айта кетейік, Қазақстан бұл байқауға биыл екінші рет қатысқалы отыр. Ал халықаралық балалар ән додасы 24 қараша күні Польшаның Гливице қаласында басталады. Жерлесіміз Ержан Максим қатысатын жас әншілер жарысын «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы