389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаскелеңде Қарасай батырға еңселі ескерткіш қойылды

  • 138
  • UPD: 21:53, 10.10.2019

«Арғы атам аруақты Ер Қарасай, Теңселген дүбірінен тау менен сай», деп ұлы Жамбыл Жабаев жырлап кеткен Қарасай батырға еңселі ескерткіш қойылды.

Батырдың сом мүсіні Алматы облысы Қаскелең қаласында орнатылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламысы аясында іске асқан мәдени әрі рухани іс шара Қарасай ауданының 90 жылдығымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақ жерін жоңғар шапқыншылығынан азат етуде көзсіз ерлігімен танылған Алтынайұлы Қарасай батырдың еңселі ескерткішін орнату бабаға құрмет, тарихқа тағзым. Батырдың алып мүсіні жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жасалды. Авторы – мүсінші Нүркен Баукенов.

Бекжан Махметтегі, Қарасай ауданының тұрғыны:

Өткенмен тілдесіп, болашақа үндесіп жатқан жағдайымыз бар. Бұл аталарымыздың қадір-қасиетін, бабаларымыздың өсиетін орындау деген сөз. Өткен тарихымыздың ақиқатын, соның мәдениетін үндестіріп жатқан күніміз бүгін.

Мерекелік шара мәдениет үйінде жалғасты. Алматымен іргелес орналасқан ауданда 280 мың халық тұрады.

«Өнеркәсібі мен өндірісі өркендеген, шағын және орта бизнесі дамыған өңір. Эконoмикалық жетістіктері жыл сайын артып келеді»,-  деді облыс басшысы.

Амандық Баталов, облыс әкімі:

- Мұндағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі биылғы жылдың 9 айында 195 млрл теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығында 25 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция 57, 2 млрд теңгеніи құрады.

Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында 7 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Ауданның дамуына еңбегі сіңген жандарға құрметті азамат атағы берілді. Алыс-жақыннан келген зиялы қауім өкілдері құттықтау лебіздерін айтты. Мерейтой аясында республикалық ақындар айтысы өтіп, ат жарысы ұйымдастырылды. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуарад Кон

Хабар 24 телеарнасы