389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тұңғыш рет «Дон Карлос» операсы сахналанады

  • 182
  • UPD: 23:19, 10.10.2019
Елордада тұңғыш рет «Дон Карлос» операсы сахналанады

Ертең Елордада тұңғыш рет «Дон Карлос» операсы сахналанады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – «Астана Опера» театрының репертуарындағы Джузеппе Вердидің үшінші әрі шоқтығы биік туындысы. Шығарма адам жанына саяхат жасатады. Қойылымы жағынан күрделі, бірақ қабылдануы жеңіл туындыны маэстро Алан Бөрібаев пен итальяндық режиссер Давиде Ливермор қойған. Мамандар үлкен тәуекел жасап отырғандарын мойындады. Себебі, бұл қойылым бірнеше жылдан бері әлем сахнасында орындалмаған. Оқиға 1556 жылы император V Карл тақтан бас тартып, билікті екінші Филиппке өткізуінен басталады. Медет Шотабаев сынды опера майталмандарының өнерін елордалықтар мен қала қонақтары 11-13 қазан күндері «Астана Опера» театрының үлкен залынан тамашалай алады.

Алан Бөрібаев, қоюшы дирижер:

- «Дон Карлос» спектаклі ауқымдылығымен ерекше. Ол алғашында француз оркестріне арналған. Верди бұл туындысын 7 нұсқада жазды. «Астана Операда» соңғы миландық нұсқасы қойылады. Біздің сахнаның мүмкіндігі зор. Хорымыз қандай? Оркестірімізге қызыға қарайтындар көп. Сондықтан әлемдік театрлар тәуекел ете бермейтін қойылымды біз көрермендерімізге ұсынып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы