389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ә.Кекілбаев – заманынан озып туған кемеңгер

  • 180
Ә.Кекілбаев – заманынан озып туған кемеңгер Казинформ

Ақтауда әдебиет және өнер қайраткерлерінің халықаралық конгресі өтті.

Әлемнің әр түкпірінен келген әдебиеттану, тіл, тарих саласының мамандары мен ғалым-зерттеушілер Әбіш Кекілбаев және қазіргі қазақ әдебиетінің жай-күйін талқылады. Алғашқы болып сөз алған премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Әбіш Кекілбаевтің ғарыштық ойлау жүйесінің, дариядай шексіз білімді болуының, есте сақтау қабілетінің керемет құпиясын ашу үшін бүгінгі күннің қарымды зерттеушілері бұл іске жабыла кірісуі керек екенін айтты. «ХХ ғасырдың 60 жылдары әдебиетке келіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы қазақ руханиятына, әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына ерен еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің бай әдеби мұрасы да – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алтын қорына қосылған қазына», -деді жиналғандар. 76 жасында өмірден өткен Әбіш Кекілбаевтің артында өшпес мұра болып қалған «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» тарихи романдары мен «Күй», «Шыңырау», «Ханша дария хикаясы», «Құс қанаты» және тағы басқа әдеби шығармалары бар.

Ұлықбек Есдәулет, ҚР жазушылар одағының төрағасы:

– Талантты адамдар өзінің қатарынан озық туады. Ал кемеңгерлер ол заманынан озып туады. Бұл заманынан озып туған және қоғамды алға сүйреген локоматив сияқты қайраткер тұлға. Бүкіл қаламынан туған дүниенің барлығы ел игілігіне арналған. Ұлт үшін жанын аянбай еңбек еткен қаламгер. Тіл үшін, ұлттың тарихындағы ақтаңдақтарды жою үшін оның еңбегі ұшан-теңіз.

Хабар 24 телеарнасы