388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада демалыс күндері өтетін мәдени-спорттық шаралар

  • 153
  • UPD: 17:50, 11.10.2019
Елордада демалыс күндері өтетін мәдени-спорттық шаралар

Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтанда бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар өткізу жоспарланған.

Атап айтқанда, үздік тауар өндірушілер көрмесі мен «Дон Карлос» операсының премьерасы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

11-12 қазан күндері «Көрме» көрме орталығында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді. Үздік тауар өндіруші атағы үшін әр өңірден 9 өкілден, бас-аяғы 153 өндіруші бақ сынайды.

Шара отандық тауар өндірушілердің өнімдерінің сапасын арттырып, отандық брендтерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Көрме келушілеріне қазақстандық өндірушілердің нан, кондитерлік, сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, киім-кешек, құрылыс материалдары, медициналық бұйымдар, корпустық жиһаз және т.б. ұсынылады.

Бұдан бөлек, конкурс аясында «Ұлы дала елі» форумы өтеді. Сондай-ақ 11 қазан күні «Астана Опера» театрында Джузеппе Вердидің «Дон Карлос» операсының премьерасы қойылады. Айта кетейік, аталмыш опера Қазақстанда алғаш рет сахналанады. Оның қойылымында итальяндық режиссер қоюшы Давиде Ливермор жұмыс істеді, ол 2019 жылдың опера Оскарында «Үздік режиссер» атағына ие болған. Басталуы сағат 19:00-де, билет 500 теңгеден басталады.

12 қазанда «Алау» мұз айдынында жаппай сырғанау маусымының ашылуы өтеді. Соның құрметіне келушілерге сыйлықтар табысталып, әртістер өнер көрсетеді. Чемпиондық мұз айдынында күн сайын сағат 19.00-22.00 аралығында (дүйсенбіден басқа) сырғанауға болады.

Демалыс және мереке күндері 5 сеанс қарастырылған, сырғанақ бұл күндері сағат 09.00-23.00 аралағында жұмыс істейді.

Ал 13 қазанда Астана Арена стадионында Қазақстанның ұлттық құрамасы мен Бельгия арасында Еуропа чемпионатының 2020 жылғы іріктеу турнирі аясындағы матчтық кездесуі өтеді. Ойын сағат 19:00 басталады.

Хабар 24 телеарнасы