388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы атап өтілді

  • 163
  • UPD: 18:26, 12.10.2019

Мерейтой қоғам қайраткерінің туған жері Ақсу ауданы Жансүгір кентінде ұйымдастырылды. Алқалы басқосуға жиналған көпшілік ақынның қазақ әдебиетіне сіңірген еселі еңбегіне тоқталды.

Қазақтың үш бәйтерегінің біріне баланған ұлт перзенті көзі тірісінде жазушылар одағының тұңғыш төрағасы болған. Қазақ әдебиетінің барлық саласына қалам тербеген тау тұлға артында өшпес мұра қалдырды. Әсіресе, жауһар жырлары ел жадында мәңгі сақталмақ.  Салтанатты шара барысында әмбебап дарын иесінің еңселі ескерткіші ашылды. Граниттен қашалған, биіктігі 6 метрлік монументті жергілікті  кәсіпкер өз қаржысына жасатыпты.

Молдияр Нұрбаев, кәсіпкер:

- Бұл мақтанатын дүние емес, бұл отбасымның атынан, халқыма еліме жеріме деген, кіндік қаным тамған ауылыма деп, бабамыздың басына осындай ескерткіш қойдым. 

Мерейтойға орай ақын шығармаларының 20 томдығы жарық көрді. Сонымен қатар, жазда Ресейге арнайы экспедиция ұйымдастырылған болатын. Жұмыс тобы Мәскеу, Санкт-Петарбор қалаларындағы  мұрағаттан Ілияс Жансүгіровке қатысты бұрын-соңды жарияланбаған тың деректерді жинап қайтқан. Тойда ілиястанушылардың зерттеулері топтастырылған жинақ таныстырылды. Алдағы уақытта тағы бірнеше томдығы жарық көрмек. 

Мұратбек Иманғазинов, Ілиястанушы:

- 5 том еңбекті жарыққа шығарсақ па деген ой бар. Оны ең бірінші кирилицаға аударып, арнайы текстологиялық анализ жасауымыз керек.

Бауыржан Жақып, ақын:

- Анкарада Түрксойдың ұйымдастыруымен үлкен жиын  өтеді. Бұл дегеніңіз үш арыстың  түркі әлемінің ұлы тұлғасына айналды деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы