389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Көкжал» телехикаясы «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартады

  • 302
  • UPD: 22:39, 12.10.2019

«Хабар» агенттігі тағы бір тың туындының тұсауын кескелі отыр. 14 қазаннан бастап, «Көкжал» атты телехикая эфирге шығады. Спорттық драма жанрында түсірілген бұл сериал шытырман оқиғаға толы. 

Бұл хикая Ербол есімді жігіттің өмірі туралы. Анасынан ерте айырылған ол әке қамқорлағында қалады. Ана махаббатын көрмегендіктен болар, өмірге өкпелі бала өте тұйық болып өседі. Сотқар оқушылар Ерболды үнемі бопсалап, ақша талап етеді. Бала Ерболды актер Азат Асан ойнайды.  

Азат Асан, актер:

- Сол қорқатын кезі, әлсіз кезі, мектеп кезі үлкен сыныптағы балалардан таяқ жеп жүретін кезі. Сол соққының бәрін өзім қабылдап жатырмын. Ал мықты кезін басқа кісі ойнайды.

- Қазір қиын болғанымен ертең өзіңе жеңіл болады.

Көп ұзамай бас кейіпкер өз өмірін өзгертуге бел буады. Ауыл бұзақыларынан шаршаған ол спортқа бет бұрады. Темірхан деген бапкерден темірдей тәртіпті, төзімділікті үйренеді. Ережесіз жекпе-жектен чемпион болуды армандайды. «Кастингте біраз қиналдық» дейді шығармашылық топ. 

Еділ Ақылбаев, екінші режиссер:

- Салыстырмалы түрде өте ұзақ мерзімді қамтиды. 8 жыл. 8 жыл бүкіл хикаяның тарихы. Сондықтан да әрбір кейіпкерге екі актердан да. Жас кезі және өскен кезі. Сондықтан да кастинг өте қиын болды. Актер бір-біріне ұқсас іздедік та. Түр жағынан ғана емес, мінез жағынан, ойын жағынан.

Ерболдың ержеткен кезін өзі спортшы, өзі актер Дәулет Өсербай ойнады. Телехикаяда қатыгез орта, тағдыр тауқыметі мен мөлдір махаббат қатар бейнеленеді. Ерболдың чемпион болсам деген арманы орындала ма? Қиын қыстау кезеңде қандай шешім қабылдайды? Бұл сұрақтың жуабын «Көкжал» телехикаясынан біле аласыздар. Телехикая 14 қазаннан бастап Хабар телеарнасынан көрсетіледі. 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы