389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда «Abish alemi» театр фестивалінің шымылдығы түрілді

  • 105
  • UPD: 22:36, 12.10.2019

Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театр сахнасында «Abish alemi» І халықаралық театр фестивалінің шымылдығы түрілді.

Салтанатты шараға жазушының көзін көрген әріптестері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Жаһандық деңгейдегі өнер байқауына әлемнің он мемлекетінен өнер ұжымдары келіп отыр. Театрсүйер қауым 14 қазанға дейін абыз туындыларын қазақ және шет тілдерінде тамашалай алады. Тілшіміз Талғат Исламұлының бейнесюжеті.

Әбіш Кекілбайұлы шығармаларын көпке насихаттауға бағытталған театр фестивалі Ақтауда алғаш рет 2016 жылы өткен еді. Ол кезде еліміздің барлық аймақтарынан театр ұжымдары белсене қатысты. Биыл абыздың 80 жылдық мерейтойы аясында халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр.

Бұл Түркия, Иран Ислам Республикасы және ТМД елдерінен келген белгілі артистер. Олар ана тілінде Әбіш Кекілбайұлының туындыларын көрермен назарына ұсынбақ. Бұл фестивалге маңғыстаулық театр ұжымы жазушының екі бірдей шығармасын әзірледі. «Бір шоқым бұлт» атты туындысы моноспектакль. Яғни 45 минуттық қойылымды бір ғана адам сомдап шығады. Роль Айнұр Әбеноваға берілген.

Айнұр Әбенова, Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының әртісі:

-Бұл үлкен моноспектакльді менің бірінші рет ойнауым. Спектакльде кейіпкерлер өте көп. Оның ішінде кемпір де бар. Қыз да бар. Жүгіріп келген жас бала да бар. Тоқсандағы шал да бар. Соның барлығы бір актрисаның бойынан шыға алады деп айта аламын.

Исрафил Исрафилов, қазылар алқасының мүшесі /Әзербайжан/:

- Ақтаудағы театр ұжымы Каспий маңы мемлекеттерінің өнер ұжымдары қатысқан мәдени шараларды зор абыроймен өткізіп жүр. Бүгінгі шараны ұйымдастыру деңгейі де жоғары. Фестивалге қатысушылар Әбіш Кекілбайұлының аударма еңбектері мен шетел тілдерінде жарық көрген туындыларын ойнап шығады. Бүгін екі қойылымды тамашаладық. Біз көретін қызық әлі алда.

Фестиваль 11 қазан күні Әбіш Кекілбайұлының «Күй» шығармасымен ашылды. Оны шетел артистері өлке тұрғындарымен бірге тамашалады. Енді олар алдағы үш күнде Нұрмұхан Жантөрин театры сахнасында өзара сынға түседі. Барлық қойылымды қазақтың театр және кино тарланы Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы сараптайды.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Ендігі кезекте аймақ әкімдігі осы фестивальді екі жылда бір өтетін дәстүрлі мәдени шараға айналдыруды көздеп отыр.              

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы