376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығы артады

  • 364
  • UPD: 15:38, 14.10.2019

Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрліктері 2020-2022 жылдарға арналған өзара ынтымақтастық бағдарламасын әзірледі.

Оның негізінде тараптар арасындағы мәдени байланыс жаңаша нығаяды. Бұл туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссия отырысында сөз болды. Алдағы уақытта қазақстандықтар көрші елде «реставрация» мамандығын игере алады. Сондай-ақ театр, кино, кітапхана саласы бойынша әріптестікті дамыту көзделген. Мамандар әсіресе музей саласындағы жұмыстарды еселемек ниетте. 

Нұрқиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Себебі Ресей мен Қазақстан тарапында көптеген байланыстар бар біздің тарихымызға байланысты. Сол Ресейдегі құндылықтарымызды Қазақстанда көрсету, Қазақстандағы біздің құндылықтарымызды Ресейде көрсету және Ресейдің үлкен аудиториясы арқылы еліміздің Еуропа жұртшылығына, әлем жұртшылығына таныту.

Хабар 24 телеарнасы