419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің ерлігі туралы фильм жарық көреді

  • 1369
  • UPD: 11:02, 15.10.2019
Ұлттық ұлан жауынгерлерінің ерлігі туралы фильм жарық көреді

Алдағы қараша айында қалың көпшілікке ерлік пен Отан қорғау қызметін баяндайтын «Қазбат» көркем фильмі жол тартпақ, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Биыл қараша айында қалың көпшілікке ерлік пен Отан қорғау қызметін баяндайтын «Қазбат» көркем фильмі жол тартпақ. Қазіргі уақытта режиссер Асқар Ұзабаев, бас продюсер Данияр Ибрагимов, «Аю Синема» кинокомпаниясы бастаған топ туындыны жарыққа шығаруға қамдануда. Қазақстан ІІМ Ішкі әскерлері (қазіргі Ұлттық ұлан) жауынгерлерінің шынайы ерлігі үлгісінде түсірілген фильм отандық кино тарихында тәуелсіз еліміздің жауынгерлерінің жанқиярлық ерлігін әспеттейтін алғашқы туындылардың бірі болмақ», – деп хабарлайды министрлік.

Кинотуынды отандық эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Айқынның қатысуымен Ұлттық ұланның Алматыдағы әскери бөлімдерінің бірінде саундтрек түсірілді.

Хабар 24 телеарнасы