388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде түрлі елдерде тұратын қазақ музыканттары бірлесіп, концерт өткізді

  • 143
  • UPD: 14:33, 15.10.2019
Парижде түрлі елдерде тұратын қазақ музыканттары бірлесіп, концерт өткізді

Түрлі елдерде тұратын қазақ музыканттары бірлесіп Парижде концерт өткізді.

Олар шіркеу ғимаратында өз өнерін көрсеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ойды Парижде тұратын пианист Айгерім Матаева ұсынған. Ол Нұр- Сұлтанда тұратын опералық әнші Азамат Желтұрғызов пен Испанияда тұрып жатқан скрипкашы Ержан Күлібаевты шақырып алды. Музыканттар өз бағдарламасына классикалық еуропалық музыка туындылары мен Абай әндерін қосқан. Бұл концерт Францияда осымен екінші рет өтіп жатқан Қазақстан мәдени маусымының бағдарламасына кірді. Шараға кіру тегін болды, ұйымдастырушылар осылай жергілікті жұртты заманауи қазақ мәдениетімен таныстырмақ болған.

Блицы 1:

Олар керемет, ешкімге ұқсамайды. Біздің қазақ музыканттарын тыңдауға мүмкіндігіміз сирек болатыны рас, әзірше бұл елді жақсы біле бермейміз.

Блицы 2:

Ең таңғалдырғаны орындалу сапасы. Біз әдетте Парижде, осы шіркеуде тыңдайтын музыкадан бөлек дүние екен.

Хабар 24 телеарнасы