384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада әлемнің талантты жастарының қатысуымен ән байқауы өтеді

  • 259
  • UPD: 22:37, 16.10.2019
Елордада әлемнің талантты жастарының қатысуымен ән байқауы өтеді

Әлемнің талантты жастары елордада бас қосады. Қазанның 25-26 күндері аралығында Voice of Nur-Sultan байқауы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Болгария, Грузия, Португалия және Ресей бастаған 7 мемлекеттің жастары өтініш берген. Байқаудың алғашқы күнінде қатысушылар авторлық әндерін орындайды. Ал, келесі күні шетелдік және отандық жастар қазақстандық әншілермен бірге өнер көрсетеді.

Сәкен Шәкеев, «Қазақ әуендері» АҚ президентінің орынбасары:

- Фестивальге қатысушылар бізде енді шығып келе жатқан жас талантты жас таланттар. Фестивальдің қатысушылары Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал жұлдыздармен бірге өз өнерлерін көрсетеді. Оның ішінде Мадина Сәдуақасова бар, Асылбек Еңсепов бар, Лимбо деген хедлайнерлер бар.

Хабар 24 телеарнасы