387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда халықаралық сән апталығы басталды

  • 167
  • UPD: 10:38, 17.10.2019
Таразда халықаралық сән апталығы басталды

Өңірге 10 елден 20 киім дизайнері келді. Сонымен қатар Еуропа мен Азияның 15 сәнқой сарапшылары қатысып жатыр.

Шараға отандық және шетелдік жас дизайнерлер тартылып отыр. Олар «неофольклор» үлгісінде тігілген 100-ден астам киімді жарыққа шығарды. Негізгі мақсат ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді бүкіл дүниежүзіне насихаттап, бай мұрамызды көрсетуге негіздеоген. Тың туындылар сән саласындағы әлемнің үздік мамандарының алдында таныстырылды. Шара туризмді дамытуға бағытталған.

Айдархан Қалиев, дизайнер:

- Ұлттық киімді біз қазақ болып күнделікті кимейміз ғой былай қарасаң. Ол тек қана сахнада, не болмаса есімізге түсетін кез ол Наурыз кезінде. Сұранысты бастау үшін өзіміз де киюіміз керек. Мұның басқа да мағынасы бар. Ол туризм жағынан. Эксперттер, дизайнерлер Тараз қандай қала екенін біледі. Көбі келді былтыр. Тағы да келгісі келеді.

Хабар 24 телеарнасы