432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскіде өтетін қазақ киносының фестивалі бүгін «Әміре» фильмімен ашылады

  • 634
  • UPD: 10:13, 18.10.2019
Минскіде өтетін қазақ киносының фестивалі бүгін «Әміре» фильмімен ашылады

18-20 қазан аралығында Минскіде өтетін қазақ киносының фестивалінде әр түрлі жанрда түсірілген қазақстандық кинотуындылар ұсынылады, деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

Фестивальдің ашылу салтанатында қазақтың тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі туралы баяндайтын «Әміре» фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ»,  Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол», Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая, Ермек Тұрсыновтың «Шал» және «Шырақшы» фильмдері ұсынылады. Ал кішкентай көрермендер толықметражды «Мұзбалақ» анимациялық  фильмін тамашалай алады.

Фестивальді Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырып отыр.

Айта кетсек, бұл іс-шараны Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың алдағы Қазақстанға жоспарланған ресми сапары қарсаңында өткізілуде.

Фильмдер Минск қаласындағы «Беларусь» кинотеатрында көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы