386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында Балпық би Деріпсалұлының 325 жылдығын тойлау басталды

  • 254
  • UPD: 17:10, 21.10.2019

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Балпық би Деріпсалұлының 325 жылдығын тойлау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай Көксу ауданы Балпық би ауылындағы аллея жаңартылып қолданысқа берілді. 6400 шаршы метрден асатын саябақты жаңғырту жұмыстары маусым айында басталған болатын. Құрылыс барысында жарықшамдар орнатылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Тынығушылар үшін арнайы орындықтар мен көлік тұрағы жасалды. Салтанатты шараға жиналғандар батыр баба ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи тұлғаның өмір жолына тоқталды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған батырлығы күрмеуі қиын күрделі дауларды шешкендегі тапқырлығы сөз болды. Төле бидің батасын алған Балпық бидің қара қылды қақ жарған әділдігі дәріптелді. Мерейтойлық шаралар алдағы күндері де жалғасады.

Наурыз Қылышбаев, облыстың «Құрметті азаматы».:

- Ертең Б.Римова атындағы драма театрда конференция өтеді. Сол жерде аталы баталы сөз айтылады. 19 қазан күні таңертеңнен кешке дейін ат ойындары өтеді. Тек қана аламан емес, теңге ілу, көкпар, басқа да ойындар.

Хабар 24 телеарнасы