419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жазушы Рақымжан Отарбаевтың қос кітабының тұсаукесері өтті

  • 1239
  • UPD: 17:42, 18.10.2019
Жазушы Рақымжан Отарбаевтың қос кітабының тұсаукесері өтті

Елімізге еңбегі сіңген қайраткер, «ПарасатІ орденінің иегері, жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың қос кітабының тұсаукесері өтті.

«Шыңғысханның көз жасы» және «И был я подобием твоим» атты шығармалары Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қолдауымен мәскеулік «Шығыс экспресс» баспасынан шықты. Презентацияға белгілі ақын-жазушылар, театр мен әдебиет сыншылары және мәдени қайраткерлер қатысты. Ал әдебиеттанушы Гүлзада Ниетқалиева жазушының шығармашылығына арналған зерттеу кітабын таныстырып, келушілер назарына фотокөрме мен сахналық қойылымдар ұсынды. Еске салайық, Рақымжан Отарбаевтың басқа да еңбектері шет тілдеріне аударылған. Оның ішінде «Сұлтан Бейбарыс», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай», «Нұржауған ғұмыр», «Нашақор жайлы новелла» және «Бас» шығармалары театрларда сахналанды. 

Мұрат Өтешов, Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

- Рақымжан Отарбаевтың бүгінгі кітабының тұсаукесер рәсіміне қатысқалы енді Атырау өңірі ұлылар мен ұлықтардың мекені. Рақымжанның туған жері Құрманғази, Дина, Әбу Сарсенбаевтың, Хиуаз Доспанованың, Жұмекен Нәжімеденовтың мекені. Осы Рақымжанның табанының тигендері осы кісілердің ғұмырымен тікелей байланысты.

Хабар 24 телеарнасы