388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-дағы шебер қолынан шығатын әрбір зат өнер туындысына айналады

  • 224
  • UPD: 09:43, 20.10.2019

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Шежін ауылының тұрғындары өз ауылдасы Рафхат Байтоқовты мақтан тұтады.

Темірден түйін түйген ұста түрлі техниканың қалдықтарынан көз жауын алар дүниелер жасап, үйінің жанына қойып қойған. Мұндағы әр туындының өз тарихы бар. Мәселен, мына үш аяқты велосипед «Гулливердің саяхаттары» хикаясынан алынса, скрипка ұстаған  шегірткені мотоциклдің бензин багы мен фарынан құрастырған. Ал домбыраны ауыл мектебінің ауласына орнатыпты. Дәнекерлеуші мамандығын меңгерген шебер осы білім ордасында сантехник болып еңбек етеді екен. 

Рафхат Байтоқов, шебер:

- Екі-үш күн жүрем, бір жұма жүрем. Уақытым, қолым босағанда шауып келіп істеймін. Материал бар ғой. Ауылда кісілерден, жердегі қалдықтан өзім алып келем. Бірдеме жетпесе сұрап жіберем, жазып жіберем, алып келеді.

Алғадай Жамбыл, Шежін ауылының әкімі:

- Адамдардың свалкаға лақтырып тастайын деп жатқан заттарын мотоцикл, машинаның бөлшектері ескі осындай алаң салып жатыр Рафхат ағамыз. Осы салған алаңына кешке қарай жастар және тойдан кейін жастар келіп, осыған суретке түседі. Балалар күнде. 

Хабар 24 телеарнасы