388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылықтар түнгі музейде тарихи көрмені тамашалады

  • 201
  • UPD: 23:06, 21.10.2019
Қарағандылықтар түнгі музейде тарихи көрмені тамашалады

Қарағандылықтар түнгі мүзейде ұйымдастырылған көрмеде түркі хаттарымен, ежелгі тігін мәдениетімен және  ұлттық киім үлгілерімен танысты.

Бұл түні тарихи өлкетану мұражайында ұйымдастырылған көрмені мыңдаған адам тамашалады. «Сақ мәдениеті» залында «Түркі хаттары» алаңы ұйымдастырылған. Геологтар шатырына кеншілердің құрал-жабдақтары қойылған. Келушілерді әсіресе интерактивті фотоаймақ қызықтырды. Мұнда қала тұрғындары ұлттық киімдерді киіп, суретке түсті. Айта кету керек, бұл шара республика көлемінде өтіп жатқан «Музейлер шеруі» акциясы аясында ұйымдастырылған.  

Аслан Құрмаш,  қала тұрғыны:

- Мұражайдың мамандары кеңес дәуіріндегі телефондарды қалай жалғау секілді заттарды түсіндірді,өзім шынымды айтсам ол дәуірде өмір сүрмегендіктен осы жерге келіп сондай жақсы әсер алып жатырмын. Шыныменде ғажап нәрсе, алдағы уақыттарда өзінің жалғасын табады деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы