388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

  • 250
  • UPD: 22:44, 22.10.2019

Бүгін қазақ әдебиетінің классигі, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толды.

Осыған орай Алматы төрінде суреткер-қаламгердің мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді.

«Әбдіжәміл Нұрпейісов әдебиет әлеміне «Курляндия» романымен келді. Ал «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдары қазақ әдебиетінде дәуірлік белес болды», - дейді замандастары. Қаламгер әйгілі еңбектерінде XX ғасырдағы ел, туған жер, теңіз тағдырын барынша шынайы суреттейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің құттықтау хатында мерейтой иесін сөз өнерінің сардарына теңейді.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Құрметті Әбдіжәміл Кәрімұлы! Мерейлі 95 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Көзі тірі классик, сөз өнерінің сардары, көрнекті қаламгер және қоғам қайраткері ретінде Сіз ұлттық әдебиетімізбен мәдениетіміздің дамуына, оның әлемдік деңгейде дамуына сүбелі үлесіңізді қостыңыз.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтың шығармалары қазақ оқырмандарымен қатар, әлем оқырмандарына да жақсы таныс. «Қан мен тер» трилогиясы дүниежүзінің 35 тіліне аударылуы соның дәлелі. Жазушының ізін басқан інілері «Әбең шығармашылыққа өте жауапкершілікпен қарайтын тұлға» дейді. 95 жасқа толғанына қарамастан, қазақ әдебиетінің абызы аяғынан тік тұрып, өз оқырмандарына шексіз алғысын білдірді.

Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қазақстанның халық жазушысы:

Не жазсам да, үлкен шығарма жазайын, орташа шығарма жазайын, кіші шығарма жазайын, соның бәрін өздеріңе арнап жаздым ғой. Соның бәрін жазып, басқызып, содан кейін мына көңіл күпті, апыр-ай, қалай қабылдар екен деп күтетін, бір қиналып күтетін күндерім болатын. Әйтеуір жазған кітабым дүкенде сөреде жатқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы