386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Voice of Nur-Sultan: бұл фестиваль бұрынғыдан өзгерек

  • 237
  • UPD: 22:23, 23.10.2019

Халықаралық «Voice of Nur-Sultan» фестивалінің салтанатты ашулы рәсіміне санаулы күндер қалды.

Қазір шараға қатысушылар Қазақстан орталық концерт залында дайындықтарын пысықтап жатыр. Ұйымдастырушы тарап Мәдениет және спорт министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл фестиваль бұрынғыдан өзгерек. Алғашқы күні жас өнерпаздар өз репертуарындағы әндерді орындайды. Ал ертеңіне қазақстандық әншілердің бірімен дуэт құрып, қазақ тілінде ән шырқайды. Бұдан бөлек, шараға Зируза, Say Mo, Артур мен Райым сияқты танымал орындаушылар хедлайнер ретінде қатысады..

Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры:

– Сайыс ретінде болмайды. Биыл тек қана халықаралық деңгейдегі жастар шақырылып, қазақстандықтармен ән айтатын болады. Бұл еліміздегі өнерді дамыту, жас таланттарды іріктеу мақсатында жасалып отыр. Басқа елден келген қатысушыларды шақыру арқылы жасадық.

Жобаның басты ақпараттық серіктесті – «Хабар» агенттігі. Фестивальді агенттікке қарасты «Хабар» және «Kazakh TV» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Айта кетейік, қатысушылардың арасында «Хабар» арнасы ұйымдастырған Топжарған халықаралық музыкалық байқауында бақ сынаған 3 өнерпаз бар. Сондай-ақ бұл фестивальде өнер көрсету үшін елімізге 8 елдің өкілдері келді.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

– «Хабар» арқылы отандық көрермендер көрсе, «Kazakh TV» арнасы арқылы шетелдегі осы жобаға қатысушы азаматтар тамашалай алатын болады. Және бір ерекшелігі – Ресей және осы байқауға қатысып жатқан басқа да елдердің телеарналары да бізбен қатар осы жобаны тікелей эфирде және жазба түрінде өз аудиториясына ұсынбақ. Бұл жоба бұрынғы жобалардан өзгерек.

Хабар 24 телеарнасы