388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда «Музей түні» акциясы ұйымдастырылды

  • 166
  • UPD: 12:57, 25.10.2019

Ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, ұлы өнерді насихаттау және көпшіліктің қызығушылығын арттыру мақсатында Атырауда «Музей түні» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскелең ұрпаққа үлгі боларлық бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. «Музей түні» кешінде жастар үшін суретшілер мен қолөнер шеберлерінің кәсіптік бағыт-бағдар беру сабақтары ұйымдастырылды. Осы әдіс арқылы жастарға тәлім-тәрбие беріліп, қызығушылық танытқан талапкерлерге шеберлер өз өнерлерінің қыр-сырын үйретті. Сондай-ақ кәсіби мамандар өнерсүйер қауым мен көрмеге келушілердің автопортреттерін салып, тегін сыйға тартты. Көрме аясында «Ел іші - өнер кеніші» атты арнайы жинақтың тұсауы кесілді. Онда мұнайлы өңірден шыққан өнерпаздаздардың өмірбаяны мен еңбектері қамтылған. Көпшіліктің ыстық ықыласына ие болған көрмеге мыңнан астам көрермен жиналды. 

Төлеген Орынбасарұлы, Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінің басшысы:

– Бүгінгі музей түнінде бірнеше бағдарлама болады. Мысалы, кәсіби суретшілердің шеберлік сабақтары.

Хабар 24 телеарнасы