432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада халықаралық Voice of Nur-Sultan фестивалі басталды

  • 917
  • UPD: 23:13, 25.10.2019

Әлемнің талантты жастары Қазақстанның астанасында бас қосты.

Елордада халықаралық «Voice of Nur-Sultan фестивалі салтанатты түрде шымылдығын түрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобаның басты ақпараттық серіктесті – «Хабар» агенттігі. Фестивальді агенттікке қарасты «Хабар» және «Kazakh TV» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Айта кетейік, қатысушылардың арасында «Хабар» арнасы ұйымдастырған «Топжарған» халықаралық музыкалық байқауында бақ сынаған 3 өнерпаз да өз өнерін ортаға салатын болады. Сондай-ақ бұл фестивальде бақ сынау үшін елімізге 8 шет мемлекеттің өкілдері келген. Байқаудың алғашқы күні қатысушы жас өнерпаздар өз репертуарынан авторлық таңдамалы әндерін орындады. Ал ертең отандық әншілермен бірге дуэт құрып, қазақ тілінде ән шырқайтын болады. Фестивальге қатысушылардың дені енді ғана тыңдармандарға танылып келе жатқан жас таланттар.

Темірлан Өсімқұл, фестивальге қатысушы:

- Жасым 12-де. Алматы қаласынан келіп отырмын осы Voice of Nur-Sultan фестиваліне. Мұның алдында да осындай байқауларға қатысқанмын. Гран-при, 2-орын, басқа да жүлделерге ие болғанмын. Бүгін Бейбіт ағаммен «Елім деп соқсын жүрегім» деген әнді айтамын. Енді орын иегері боламын деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы