430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Voice of Nur-Sultan: Шетелдік қатысушылар қазақстандық өнер жұлдыздарымен қазақ әндерін шырқады

  • 662
  • UPD: 21:45, 26.10.2019

Елордада «Voice of Nur-Sultan» ән сайысының екінші күні өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін қатысушылар қазақстандық өнер жұлдыздарымен бірге қазақ әндерін шырқады. Екінші жыл қатарынан өтіп отырған додаға әлемнің 40 елінен қатысушылар өтініш білдірген. Іріктеліп алынғаны – Португалия, Грузия, Ресей сынды 8 мемлекеттің өкілдері. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы байқаудың жөні бөлек. Қатысушылардың да бабы келіскен.

Сунь Шао, әнші /ҚХР/

– Байқаудың алғашқы күнінде «Менің Қытайым» әнін орындадым. Бұл өзімнің туған жеріме деген тартуым болды. Бүгін де қазақ әнін нақышына келтіріп, орындауға тырыстым. Қытай өнерін халықаралық деңгейде таныту – мен үшін бақыт.

Хабар 24 телеарнасы