427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана Опера көрермендерге «Корсар» балетін ұсынады

  • 479
  • UPD: 11:22, 27.10.2019

Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Гаухар Усина Медора образын сомдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл классикалық өнер иесінің осынау редакциядағы дебюты. Адольф Аданның шытырман оқиғаға толы «Корсар» балеті нәзік махаббат пен қайсарлыққа негізделген. Құлдыққа түскен Медораны құтқаратын Конрадтың образында балет труппасының солисі Далер Запаров өнер көрсетеді. Қойылымды елорда тұрғындары мен қала қонақтары бүгін «Астана опера» театрының үлкен залынан тамашалай алады.

Гаухар Усина, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

– Бұл премьераны көп күттім. Маған үлкен жауапкершілік артылғанын білемін. Қойылым біздің көрермендерге қызық болуы керек. Себебі, шығыстық леп сезіледі, еркіндік бар. Бұған дейін ресейлік, жалпы шет мемлекеттердің бірқатар театрында қойылған. Жоғары бағасын алған. Біздің де көрермендерге ұнайтынына сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы