384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген БҰҰ штаб-пәтерінде болды

  • 421
  • UPD: 10:04, 29.10.2019
Димаш Құдайберген БҰҰ штаб-пәтерінде болды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне барды.

Бұл туралы еліміздің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады: Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттармен және олардың отбасыларымен кездесті.

Сонымен қатар танымал әнші БҰҰ штаб-пәтерінде де болып, алған әсерлерімен БҰҰ Жаңалықтар қызметімен сұхбатында бөліскен.

Хабар 24 телеарнасы