376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысынан темір дәуіріне тиесілі ат әбзелдері табылды

  • 324
  • UPD: 21:28, 30.10.2019

Аттың ең алғаш қолға Қазақстан аумағында үйретілгені тағы бір мәрте дәлелденді. Ақтөбе тұрғыны Айдос Ақдәулет шаһар маңынан ерте темір заманына тиесілі ат әбзелдерін тапқан.

Ол аса құнды дүниелерге жеке жер телімінде құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде тап болыпты. Аң стилінде жасалған бұйымдардың қатарында жүгеннің бөліктері мен қоладан құйылған тартпа бар. Діни рәсім жүргізуге арналған ыдыс та табылып отыр. Жәдігерлер облыстық музейге табысталды. Мамандардың айтуынша Ақтөбе өңірінде скиф-сақ дәуіріне тиесілі тұрмыстық бұйымдар бұған дейін де кезіккен. Олардың бірқатарын облыстық тарихи-өлкетану музейінен де көруге болады. Бұл жолғы жәдігерлер де шамамен біздің заманымызға дейінгі 6-5 ғасырларда қолданыста болған. 

Айдос Ақдәулет, қала тұрғыны:

- Жерді бір 40 см-ге қазған кезде осы жәдігерлер табылды. басында жатқан жері онша терең болмағандықтан ойладым. Ондай ерте дәуірдің заттары емес шығар деп. Әрине зерттеу жұмыстарын жүргізгісі келсе жер телімімді беруге рұқсат етемін.

Хабар 24 телеарнасы