384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Моңғолия Түркі академиясына бақылаушы ел атануы мүмкін

  • 182
  • UPD: 18:22, 31.10.2019

Еліміз ұйымды құрушы мемлекеттердің бірі ретінде осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін елордада премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Моңғолияның вице-премьері Өлзийсайханы Энхтүвшин кездесті. Екі ел үкіметінің өкілдері Алтын Орда тарихына қатысты бірнеше кітаптың таныстырылымына қатысып, мәдени саладағы әріптестік мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізуге уағдаласты. «Алдағы уақытта Шыңғыс хан ұрпақтарына ескерткіш салынып, көшелерге есімдері беріледі», – деді Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Сіздерді бақылаушы болуға шақырамын. Онан кейін енді тарихтан жақсы білесіз. Шыңғыс ханның рөлі жөнінде, балалары жөнінде. Бірақ дүниежүзінде үрім-бұтақтарына ескерткіш жоқ. Қазір біз үлкен жоспар жасадық. Жошы хан бар, Алаша хан бар, Ұлытаудың төңірегі бар. Туристік базасын жасау. Әрине туристер келу үшін жағдай болу керек, су керек, демалатын жер керек.

Өлзийсайханы Энхтүвшин, Моңғолия премьер-министрінің орынбасары:

– Алтын орда, Шыңғыс хан және оның ұрпақтары туралы 1990 жылдан бері зерттеу жүргізіліп келеді. Қазір тіпті қарқын алды. Бұрынғы уақытта тыйым салынған болатын. Қазақстан мен Моңғолияның ынтымақтастығы жандана түскеніне қуаныштымын. Шыңғыс бабамыздың ұрпақтары осында өмір сүрген. Алтын Орданың 750 жылдығына арналған шараларды біздің мемлекет те қолдайды.

Хабар 24 телеарнасы