430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда халықаралық фестивальға 9 елден өнерпаз қатысып жатыр

  • 652
  • UPD: 10:49, 01.11.2019

Талдықорғанда түбі бір түркі жұртының ұлттық өнерін  ұлықтаған өнерпаздары бас қосты. «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» атты  халықаралық фестивальға Түркия, Татарстан, Моңғолия, Якутия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы сынды 9 мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр.

Бауырлас елдің өнерпаздары осыған дейін өз ұлтының төл туындыларын орындаса, бүгін Қазақ халқының дәстүрлі әндері мен  Құрманғазының күйлерін шертті. Шара барысында сан ғасырдың сүзгісінен өткен дәстүрлі музыка жанрларының барлығы қамтылды. Сөйтіп, текті өнерді кие тұтқан көрермен қауымның құлақ құрышын қандырып, ерекше әсерге бөледі. Өнер иелері концерттен бөлек өзара әріптестік байланыс орнатпақ. 

Мәрлен Көлбаев, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:

-Мақсаты бүкіл түркі еліне қазақтың дәстүрлі әнін, соларға жеткізу соларға насихаттау. Келген қонақтар үш күн бойы біздің саз колледжінде біздің студенттермен кездестіп, өнер ұжымдарымен кездестіп, бір бірлерімен тәжірбие алмасуда. 

Айта кетейік, биыл өңірде осындай оншақты ауқымды шара өтті. Оның ішінде суретшілер симпозиумы, этнофестивалдар мен архивтің 100 жылдығына арнаған конферция бар.  Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста 200-ден астам жоба жүзеге асты.

Хабар 24 телеарнасы