384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда алғаш рет дирижерлер шеруі өтті

  • 238
  • UPD: 12:59, 01.11.2019
Павлодарда алғаш рет дирижерлер шеруі өтті

Ертіс өңірінде бес елдің белді өнерпаздарының басын қосқан «Жастық шақ» атты дирижерлер шеруі мәресіне жетті.

Екі күндк бағдарлама Қазақ КСР-нің халық әртісі Рүстембек Омаровтың 100 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жоғары деңгейдегі шараны өткізуге еліміздегі Рүстембек Омаров атындағы ең жас оркестрдің әртістері мұрындық болды. Басты мақсат - мәдени байланыстарды дамыту, өзара тәжірибе алмасы, сонымен қатар, шығармашылық  ұжымның репертуарын байыту. Дирижерлер шеруіне Моңғолия, Алтай Республикасы, Ресей, Қырғызстан және Қазақстанның үздік мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті. Талғампаз көрермен этникалық музыкаға құлақ құрышын қандырды. Әсіресе, Моңғолияның 2012 жылғы үздік музыканты Чымбат Орхонбаттардың өнеріне тәнті болды. Ол қазақтың бүркітші қызы Айшолпан Нұрғайыптың құрметіне арналған шығарманы жергілікті оркестрмен бірге орындады. 

Чымбат Орхонбаттар, халықаралық байқаулардың лауреаты /Моңғолия/:

- Рүстембек Омаров атындағы оркестрден тәжірибе алмастық. Әртістердің кәсіби деңгейі жоғары. Шыны керек, осындайды күтпеп едім. Алдағы уақытта бір сахнада жиі өнер көрсетеміз деген ниеттемін. Жас ұжымға табыс тілеймін. 

Амангелді Қожанов, Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның басшысы:

- Рүстембек Омаров атындағы оркестр - Қазақстандағы ең жас оркестрлердің бірі. Сондықтан, оларға тәжірибе алмасу репертуар жиынтығын жасау, сол мақсатта жасалып отыр. Екіншіден, мына «Туған  бағдарламасы», «Рухани жаңғыру» аясында дирижерлер шеруі жасалып жатыр. Біздің ұжымның, оркестрдің деңгейін өсіру үшін. Болашақта репертуар байлығын жасау үшін.

Хабар 24 телеарнасы