386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық фестиваль өтті

  • 202
  • UPD: 22:48, 04.11.2019
Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық фестиваль өтті

Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өнер ұжымдарының халықаралық байқау-фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Түркия елдерінен қатысқан 700-ден астам үміткер төрт номинация бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, вокал, көркемсөз оқу, музыкалық аспаптарда ойнау, хореграфия және театр өнері бойынша өз өнерлерін көрсетті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ауқымды шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат – ұжымдар арасында тәжірибе алмасу және үздік шығармаларды кеңінен насихаттау. Төрт күнге созылған сайыс барысында еліміздің Ақтөбе, Орал және Атырау облыстарынан келген үміткерлер үздік өнер көрсетті.

Айта кетейік, фестивальге 5-тен 50 жасқа дейінгі дарын иелері қатыса алады. Әр аталым бойынша жеңімпаз танылғандар танымал әнші, бишілермен бірге жұмыс істеуге де мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы