386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Раиса Мұхамедиярова айшықты рольдерімен халық жадында мәңгілікке қалады

  • 186
  • UPD: 23:19, 05.11.2019

Қазақтың театр және кино өнерінде өшпес із қалдырған белгілі актриса Раиса Мұхамедиярова 81 жасқа қараған шағында өмірден өзды. Ол «Менің атым қожа», «Долана» фильмдеріндегі рольдерімен қалың көрерменге танымал. 

Қожаның сынып жетекшісі Хадиша Майқанованы танымайтын бала кем де кем шығар. Раиса Мұхамедиzрованың кинодағы сәтті шыққан бұл ролін сол кезде киносыншылар жоғарғы бағалады. 1939 жылы Семей өңірінде дүниеге келіп, Алматыда «Ағылшын тілі  мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып жүрген бойжеткен 21 жасында «Ән шақырады» фильміне таңдауға келеді. Сұлу да, сымбатты, әрі  талантты қызды байқаған Шәкен Айманов оны басты рөлге бекітеді. Кино әлеміне осылайша аяқ басқан Раиса Мұхамедиярованы танымал еткен «Айдай сұлу, Айсұлу», «Долана», «Әлсіз жүрек» сынды  фильмдер. Журналистерге берген сұхбатында ол әрдайым «бұл менің бағым» деп айтатын еді.

Раиса Мұхамедиярова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Мен өте бақыттымын. Мен Құдайға өте ризамын, маған осындай тағдыр сыйлағаны үшін. Осындай өмір бергені үшін. Осылайша  киноға жетектеп әкелгені үшін.

Қазақтың Джина Лолобриджидасы атанып кеткен актрисаға  халық жазушысы, драматург Ғабит Мүсірепов есі кете ғашық болады. Ұлтымыздың нар тұлғасы жан жарым болсаң қайтеді деп ілтипат білдіргенде жасы алпысты алқымдап қалса да қарсылық көрсете алмадым деген еді Ғабең туралы естеліктерінде. Одан екі перзент сүйді.  Нәзік болмысына қарамастан театр сахнасында қайсар қыздарымыздың бейнесін сомдады. «Ақбілек», «Ботагөз», «Ұлпан» спектакльдерінде басты рольдерді ойнады.

Актрисамен қоштасу өзі халық алдында өнер көрсетіп, көрерменімен сырласқан Қазақтың Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында 7 қараша күні сағат 10-да басталады.

Хабар 24 телеарнасы