384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» жобасы қолға алынды

  • 213
  • UPD: 21:44, 06.11.2019

Ертіс өңірінде «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» атты жоба қолға алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – ұмыт қалған салт-дәстүрді жаңғыртып, көне термелер мен әндерді іздеу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі бұл игі істе қазақтың ас түрлерін даярлау әдістерін таныстыру да негізгі міндеттердің бірі. Жоба аясында мәдениет саласының мамандары ауыл-ауылды аралап, атқарылған жұмыстың қорытындысы ретінде қолөнер шеберлерінің көрмесі мен гала-концерт ұйымдастырды. Мұнда көшпенділер мәдениетін жаңғыртуды мақсат еткен шеберлер бас қосып, өз туындыларын паш етті. Ал өнерпаздар концерттік бағдарламада халық әндері мен күйден шашу шашты.

Айта кетейік, кешенді жоба әлі жалғасады.

Гүлназима Жүсіпбаева, Лекер ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:

- Бұл тағамдар бұрынғы ұмыт қалған жұртқа көрсетіп, жаңғырту ретінде көрсетіліп жатыр. «Жаужүректі» жаңа сойған қойдың бауыры мен ішмайынан жасалады. Жаңа сойғын малдың бауырын турап-турап, өз ішмайына орап, ештеңе қоспай, қуырып алады. Оны бұрын ата-бабаларымыз, аналарымыз көбінесе мықты болсын деп, күшті болсын деп батыр ұлдарына дайындаған.

Риза Аяпбергенова, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының директоры:

- Аталар-апаларымыздың ұмытылып бара жатқан, не болмаса өздерінің сақтап қалған, сондай-сондай қолөнерін кездестірдік. Сонымен қатар, олардың терме, сонымен қатар, қазақ әні ауылдарға барғанда , қандай нақышта орындалады. Бұрын естілмеген әндер жазылғанда 3-4 түрін біз көрдік. Естай әнінің бір енді орындалмай жүрген бір мақамын естідік. Тағы термелер көрдік, 3-4 терме, тағы айтыстың түрлерін көрдік.

Хабар 24 телеарнасы