388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайбергеннің өнерін жарты күнде 120 млн адам көрген

  • 106
  • UPD: 10:22, 07.11.2019
Димаш Құдайбергеннің өнерін жарты күнде 120 млн адам көрген

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы бағдарламада көрсеткен өнері жарты күннің ішінде 120 млн қаралым жинады.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Weibo деп аталатын (қытайлық инстаграмда) The masked singer бағдарламасында көрсеткен өнерім 12 сағат ішінде 120 млн көрілім жинады. Баршаңызға қолдауларыңыз үшін рақмет», – деп жазды әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін Димаштың аталған шоуда қыран бейнесінде ән шырқағанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы