388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев пен В.Путин Омбыдағы «Эрмитаж-Сібір» мұражайын аралады

  • 128
  • UPD: 07:53, 08.11.2019
Қ.Тоқаев пен В.Путин Омбыдағы «Эрмитаж-Сібір» мұражайын аралады tvc.ru

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық жиыны келер жылы Көкшетауда өтетін болды.

Бұл туралы кеше Омбыда өткен XVI форумның аясында ел президенттері ресми мәлімдеді.

Келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қаладағы ең көрнекті орындардың бірі саналатын «Эрмитаж-Сібір» мұражайын аралап көрді. Бұл – бірер жыл бұрын «Үлкен Эрмитаж» бағдарламасы аясында ашылған нысан. Ұзақ жылдар бойы қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, қос елдің президентін алғашқы қонағы ретінде қарсы алды. Көпсалалы мәдени орталықтың аумағы 4500 шаршы метр. Бірінші қабатында 50 адамға лайықталған «Кескіндеме театры» жұмыс істейді. Жоғары қабаттарында көрме залдары, экспонаттарды қалпына келтіру шеберханасы орналасқан. Ал, 400 шаршы метрі Мемлекеттік Эрмитаж мұражайынан алынған коллекцияларға арналған. Санкт-Петербургтен келген алғашқы көрме экспозициялары қару-жарақ тақырыбына арналыпты.

Хабар 24 телеарнасы