388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максимді ресейлік сыныптастары Junior Eurovision байқауында қолдайды

  • 125
  • UPD: 09:31, 14.11.2019

Junior Eurovision байқауында Ержан Максимды көпшілікпен бірге ресейлік ұстаздары мен сыныптастары да қолдайды. Қазір жас әншіміз Мәскеуде оқиды. Игорь Крутойдың музыка академиясына қабылданғаннан бері Ресей астанасына көшкен.

Ержан байқауға қызу дайындалып жатыр. Академияда вокал, хореография және актерлік шеберлік бойынша сабақ алады әрі Мәскеудің №2083 мектебінің алтыншы сыныбында оқып жүр. Жаңа ортада достары да көбейіп келеді. 

Ержан Максим, әнші:

- Арасында кейбір жерлерге үлгірмей қаламын. Мысалы, Қазақстаннам келсем, таңертен ұшып, сонда сабаққа кішкене үлгермей қаламын, үлгермесем де сабақтың ортасына барамын. Сайыска дейін сыбызғы деген қазақтың ұлттык аспабын тартатын боламын, соған казір дайындалып жүрмін. 

Ержанның сыныптастары халықаралық байқауда оған қолдау көрсетпек. 

- Оның жеңуге мүмкіндіктері мол. Үнемі оны қолдап келемін! Қазақстан деген күш қой! 

- Ол музыка сабағында бізге ән айтқан, бәрімізді таңқалдырды. Дауысы өте зор екен. 

Мәскеулік ұстаздары да «Голос» шоуынан бастап, Ержанның жанкүйерлеріне айналған. Мұғалімдердің айтуынша, ол өзінің тартымдылығы арқасында жаңа ортаға тез сіңіп кеткен.  

Роза Мусаилова, 6А класының жетекшісі:

- Ержан жаңа ортаға жақсы бейімделді. Ешқандай қиындықтарын байқаған жоқпын, өзін ашық, тез тіл табысатын бала ретінде көрсетті. Шынымен дарынды бала және жеңіске жетуге лайық. 

Светлана Воронина, мұғалім:

- Ресейліктер оны қолдайды. Әрине мен де қолдаймын. Бүкіл отбасымызбен оған дауыс беріп, смс жіберетінбіз. Сондықтан Ержанды бұрыннан білемін. Тек қана жеңіс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Өте еңбекқор бала. 

Байқауға үш аптадан аз уақыт қалды. Ал Ержан елге оралуға асық. Үлгірмеген сабақтарын оқып, кестеден қалмайтынына сенімді. 

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы